Shejire

Чапаев

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Чапаев, Ілбішін — Батыс Қазақстан облысындағы ауыл, Ақжайық ауданы және Чапаев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 125 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 8344 адам (4254 ер адам және 4090 әйел адам) болса, 2009 жылы 8476 адамды (4110 ер адам және 4366 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9642 адамды (4741 ер адам және 4901 әйел адам) құрады.

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың басында қаланған. 1938 жылға дейін Ілбішін аталып келді. 1939 жылдан Азамат соғысының ардагері В.И.Чапаев есімімен аталады. Чапаевқа 1971 жылы қала мәртебесі беріліп, 1996 жылы қайтадан ауыл болды. Мұнда мекемелер мен бірлестіктер, шаруашылық орталықтары 1997 жылдан бері әр түрлі бағыттағы 14 шаруа қожалығы мен кооперативтерге және серіктестіктерге біріктірілген. Чапаев арқылы Орал — Атырау автомобиль жолы және Жайық өзенімен су жолы өтеді.

Дереккөздер

Сведения

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Ақжайық
Облысы
Батыс Қазақстан
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
9 761[1] адам (2023)
Оң жағалау
Январцев • Красноармейское • Рубёжинское • Озёрное • Дарьинское • Володарское • Байқоныс • Желаево • Орал • Зашаған • Меловые Горки • Янайкино • Буд…
Сол жағалау
Жарсуат • Приурал • Бумакөл • Бөрлі • Қанай • Төңкеріс • Ақсуат • Магистральное • Подстёпное • Абай • Ақжайық • Үлкен Еңбек • Ақсоғым • Шағатай • …
Уақыт белдеуі
UTC+5:00