Shejire

Бүркітбай Тұяқбайұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Бүркітбай Тұяқбайұлы (1906, Қытай, Алтай аймағы - 1944, Алтай, Сарсүмбе) - Шыңжаңдағы Алтай қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысына (1940-44) қатысқан халық батыры. Абақ Керей тайпасының Қарақас руынан шыққан. Бүркітбай өлкедегі Қытай үстемдігіне қарсы алғаш бас көтерген 40 жігіттің қатарында болды (1940, ақпан). 1943 жылы қыркүйекте көтеріліс басшыларының құпия хатын Төменгі Алтайдағы беделді азаматтарға алып бара жатқан жолда гоминьданшылардың қолына түсіп, кейін ату жазасына кесілді. Бүркітбайдың туған жерге, еркіндік пен теңдікке арналған «Ой, Fайша» әні Алтай қазақтарының арасында кең таралған.

Дереккөздер

Место в родословной