Борис Петрович Пак
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Борис Петрович Пак (1935-92)-суретші. Графика және монументті өнер саласында жұмыс істеген. Ол Абай шығармалары тақырыбына «Өлең - сөздің патшасы» литографиясын (1971) жазған. Поэтикалық мазмұны ақын өлеңінің стилімен үндескен. Еңбектің ерекше сәнділігі мен бейнелілігі жұмысқа қайталанбас композиция, келісті ырғақ берген. Пак Абай «Ғақлияларына» иллюстрация (1978, гуашь) жасады. Кітап бетінің ашық жерлеріне үш түспен салынған суреттер бейнелі де мағыналы, әрі өткір сықақты танытады. Мұқабаның ішкі бетіндегі Абайдың шабытты кескіні өз кейіпкерлерінің ортасында бейнеленген.