Shejire

Бөріқазған

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Бөріқазған – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш түріне жататын ортағасырлық қаланың орны.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде.

Зерттелуі, артефактілер

Бөріқазған тұрағы төменгі палеолиттің шелль кезеңінің соңғы дәуірінен сақталған қоныс орны. Тұрақты алғаш 1958 жылы Қаратау археологиялық тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашқан. Табылған құралдар саны 442. Көбісі қара кремнийден жасалған артефактілер (еңбек құралдары). Тас құралдардың осыған ұқсас түрлері ежелгі тас дәуірінің тұрағы – Сивалик (Үндістанда) өңірлерінде жиі кездеседі. Тас құралдарды Алпысбаев бірнеше түрлерге бөлген: екі жағы бірдей өңделген шапқылар (чоппингтер), жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар, унифастер, т.б. Олардың арасында үшкір пышақтардың, қырғыштардың алуан түрлері бар. Бұлардың бәрі Оңтүстік Азиядан (Бирма, Вьетнам, Қытайдан), Шығыс Африкадан (Олдувей, Рудольф, Омо маңынан) табылған құралдаға өте ұқсас.

Дереккөздер