Shejire

Бөлекей

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Бөлекей (туған жылы Белгісіз – 1808) – сұлтан, Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның немересі, Ералының баласы. Сырдарияның төменгі ағысы мен Ырғыз өзені бойын мекендеген шөмекей руының 4 мыңға жуық отбасы, сондай-ақ, Жаңадария өзені жағалауындағы қарақалпақтар Бөлекейдің қол астында болған. Ол 1770 жылы Қайып ханның Жәңгір Хиуа тағынан тайдырылған соң, жергілікті ықпалды топтың қолдауымен оның орнына отырды. Бірақ бір айдан кейін әмір Мұхаммед Әминнің тегеурінімен Хиуадан қуылып, әкесі Ералыға жіберілді. 1780 жылы Бұхар әмірінің қолдауымен шөмекей руының және қарақалпақтардың басым бөлігінің ханы болып сайланды. Ол өзінің билігі кезінде орыс шекаралық өкіметімен байланыс жасамауға тырысты. Бөлекейдің 4 ұлы болған. Олардың ішінде Қасым мен Сауқым мұрагерлік жолмен хан сайланған. Бөлекейдің қызы Хиуа ханы Елтүзер Мұхаммедке ұзатылған.

Әдебиет

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Место в родословной

Сведения

персона
Бөлекей
Діні
Ислам
Әкесі
Ералы хан
Ізашары
Есім хан
Ізбасары
Темір хан
Балалары
Қасым хан ІІІ, Сауқым, Айтан
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1808 (1808) Кіші жүз