Shejire

Болат Кесікқалиұлы Байжігітов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Болат Кесікқалиұлы Байжігітов (17.10.1956 жыл, Атырау – 16.3.2007 жыл, Алматы) – өнертанушы, философия ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (2000).

Өмірбаяны

ҚазПИ-ді (1978, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазПИ-де аға оқытушы (1978–1996), кафедра меңгерушісі (1996–1999, 2000–2006) Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған (2006–2007).

Ғылыми жұмыстары

1998 жылы «Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас (суреттің көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағындағы көрінісі)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, бірнеше кітаптардың авторы.

Дереккөздер

Место в родословной