Бехлі
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Бехлі, Беклиг, Беке л л и г — Жетісудағы Суяб қаласына жақын орналасқан ежелгі кент. Аты белгісіз географтың 10 ғасырда парсы тілінде жазылған шығармасына ("Худуд ел- алем") қарағанда, Суяб қаласынан шыққан жол таудан асқан; ол тау түркі халықтарының діни нанымы бойынша киелі асу болып саналған. Бехлі осы асудың солтүстік жағында орналасқан. Соғдылар оны Семекна деп атаған. Бехлі билеушісі "Бадан-сингу", ал түріктерше "Йинал-тегин" деп аталған. Билеушінің жеке өзіне қарасты 3000, ал қала бойын¬ша 7000 әскері болыпты. В.Бартольдтің жазуына қарағанда, Бехлі қазіргі Қастек асуының солтүстігінде болуға тиіс.