Базар Есұлы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Базар Есұлы (19 ғ.) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, ақын. Ақмола өңірінде дүниеге келіп, қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қайтыс болған. Әліке батырмен бірге туған. Әкесі — Ес батыр, шешесі — Мамай батырдың қарындасы. Көтерілісшілердің жеке қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындаған. Б. ақын айтты деген:
«Тасыма, жігіт, тасыма! Күшігендей сақылдап, Күлгенің не досыңа? Жақсылыққа қуанып, Жамандыққа жасыма. Өле-өлгенше тұрмайды, Жақсылық пен жамандық, Бір кісінің басында», - деген өлең жолдары халық жадында сақталған. Зираты Қарағанды облысы Теңіз ауданы Сарыөзен а-ның батысындағы Тікенекті қорымында.