Shejire

Батыр хан

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Батыр хан (туған жылы белгісіз - 1680) – шамамен 1652-1672/1680 жылдар аралығындағы Қазақ хандығының билеушісі. Шығу тегі белгісіз, II Жәнібек немесе Есім ханның баласы болуы мүмкін. Ж. Сәбитов болжамынша Батыр хан Шибанидтер әулетінен шыққан.

Өмірбаяны

Батыр ханның билігі туралы деректер өте аз. Батыр хан туралы алғаш рет – 1735 жылы Уфіге Жолбарыс ханнан елші болып келген сарт Нұрмұхаммед Әлиев айтқан деректерден мәлімет қалған. 1652 жылы Жәңгір хан жоңғарлармен болған шайқаста қайтыс болғаннан кейін, Батыр қазақтың аға ханы болып сайланса керек. Жәңгірдің балалары – Тәуке, Аппақ, Уәли сұлтандар әлі жас болғандықтан, жасы үлкен туыстары тірі кезінде жоғарғы билікке таласа алмады. Кейбір деректерге қарағанда, Батыр хан тұсында Тәуке Кіші жүздің сұлтаны болған. 1654 жылы қазақтар жоңғарларға қарсы сәтті жорық жасады. Бұл 1643 жылғы Орбұлақ шайқасынан кейінгі қазақтардың алғашқы жеңісі еді. Сол шайқастан бері қазақтың екі ханы - ІІ Жәнібек пен Жәңгір хандар қаза тауып, қазақ хандығы жерлерінің біраз бөлігін жоғалтқан еді. Сүйтіп жоңғарлардың ішкі жанжалын пайдаланып, 1654 жылғы жорық нәтижесінде Жетісу мен Шығыс Қазақстандағы аумақтар қайтарылды. Сондай-ақ жоңғарлардың беделді әмірі Ондон шайқастардың бірінде тұтқынға түсіп, үш жылдан кейін ғана қайтарылды. Сол жылдары Бұхарадағы Ресей елшісі болған Борис Пазухиннің айтуынша, 1671 жылы қазақтар Аштрахандықтар арасындағы, жоғарғы хан Абдулазиз бен оның інісі Балх билеушісі Субханкули арасындағы қақтығыстарға қатысқан. Қазақтар мен қарақалпақтардың қолдауына қарамастан, Абдулазиз бауырын жеңе алмай, Бұхара хандығы шағын хандықтар мен әмірліктерге біртіндеп ыдырауын жалғастырды. Батыр ханның нақты қайтыс болған күні мен ұрпақтары туралы мәліметтер белгісіз. 1680 жылдан кейін деректерде Батыр ханның аты аталмай, 1672 жылдан бастап жоғарғы хан ретінде Тәуке хан атала бастайды.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Батыр хан
Діні
ислам
Әкесі
белгісіз
Ізашары
Салқам Жәңгір хан
Ізбасары
Тәуке хан
Қайтыс болуы
1680 (1680) Қазақ хандығы
Ұлы жүз хандары
Жолбарыс хан • Есім Сәмекеұлы • Әбілфайыз хан
Кіші жүз хандары
Әбілқайыр хан • Батыр хан • Нұралы хан • Әбілғазы хан • Жармұхамбет хан • Есім хан • Айшуақ хан • Жантөре хан • Арынғазы хан • Шерғазы хан • Қаратай хан • Бөке…
Орта жүз хандары
Қайып хан • Болат хан • Сәмеке хан • Әбілмәмбет хан • Барақ хан • Абылай хан • Күшік сұлтан • Уәли хан • Дайра хан • Бөкейхан Барақұлы • Шыңғыс сұлтан • Ғұбайдо…