Shejire

Басыл Тегін қаған

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Басыл Тегін, Поши-Дэлэ - Елтегін Бұйрық қағанның інісі әрі мұрагері. Ашина әулетінің Істемі ханнан тараған таомағының өкілі. Істемі хан - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Басыл-тегін. 603 жылы Тардуш қаған Қытайдан жеңіліс тауып, хабарсыз кеткеннен кейін Түрік қағанатында дүрбеллең басталады. Атасының ізін сала қағанаттың батыс бөлігінің билеушісі Елтегін Бұйрық қағанда қайтыс болады. Қытайдың қолдауына ие болған Жанғар қаған таққа отырады. Бірақ, оның құрылтайсыз билікке келуі батыстағы тайпаларға ұнай қоймайды. Олар Тардуш қағанның ұрпақтарын билікке әкеліп, қағанатты бөліп алуға әрекет жасайды. Осы оқиғалардан сескенген қытайлар тақ мұрагері Басыл тегінді астанаға алдап шақырып алып, сарайдағы бір шендінің қызына үйлендіріп, өздерінде ұстап қалады. Ал, Батыс қағанатта дулу тайпаларының қолдауымен билік басына Елтегін Бұйрық қағанның кәмелет жасына толмаған ұлы Таман қаған отырады. Сөйтіп, "қас пен көздің" арасында Манчжуриядан Азов теңізіне дейінгі ауқымды территорияны жаулап алып, билеп-төстеп тұрған далалық империя Түрік қағанаты екіге бөлініп кетеді.

Тағы қараңыз

Место в родословной

Сведения

персона
Басыл Тегін қаған
Діні
Тәңіршілдік
Әкесі
Янг Соух тегін
Жұбайы
қытай ханшайымы
Дүниеге келуі
белгісіз
Түрік қағанатының билеушілері
Бумын қаған • Қара-Еске қаған • Мұқан қаған • Тобо қаған • Амрак қаған • Елтегін Бұйрық қаған • Баға Ышбара қаған • Жағбу Баға қаған • Тұлан қаған • Тардуш қаға…
Батыс Түрік қағанатының билеушілері
Елтегін Бұйрық қаған • Басыл Тегін қаған • Таман қаған • Шегу қаған • Тон қаған • Баһадүр қаған • Сы Жабғу қаған • Нишу Дулу қаған • Ешбар Елтеріс қаған • Ашина…
Шығыс Түрік қағанатының билеушілері
Жанғар қаған • Шібір қаған • Ілікбек қаған • Бағашұр шад Ілік қаған •
қалпына келтірілген Шығыс Түрік қағанатының билеушілері
Елтеріс қаған • Қапаған қаған • Инел қаған • Білге қаған • Йоллығтегін қаған • Білге Құтлұқ қаған • Озмыш қаған • Құлынбек қаған •