Бастабақ
ТрадицияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Бастабақ — этнологиялық жәдігер. Бұл қонақтарға бас тартатын, жайпақ, үлкен ернеулі ағаш табақ.
Оны қайыңның безінен шауып, мұқият өндеп, қара шұбарлап жасаған. Бастабақты арнайы жасалған тысқапта сақтайды. XVIII ғасырдың соңында жасалған бір үлгісін Кентау қаласының тұрғыны Т.Ермашқызы Отырар руханият музей-кітапханасына тапсырған. Оның көлемі ірі қараның басы сиярлықтай, биіктігі 7,5 см, диаметрі 63,5 см.