Shejire

Баспан Құлымбайұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Баспан Құлымбайұлы (1843, Қазалы уезіне қарасты Көшербай болысы – 1915, Қазалы ауданы) – ақын, жырау. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.

Ел арасына тараған «Есенгүл қаратамыр Баспан жырау, қиырын талай жердің басқан жырау» деген сөз оның көп жерлерде болғандығын аңғартады. Баспанның «Төребай биге», «Көңіл қосымен», «Самұратқа», «Бәшкеннің Оспанына», «Өзім туралы», тағы басқа өлеңдері сақталған. Ақын өлеңдерінде ел жақсыларын татулыққа, бірлікке шақырады. Шежіре: Баспан-Құлымбай-Баймұрат-Ақсақ-Есенғұл-Құттығай-Қожас-Қаратамыр-Бозғыл-Шомекей

Дереккөздер

Место в родословной