Бармақ Мұхаммедқалиұлы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703, Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы — өлген жылы белгісіз, Орынбор облысы Ақбұлақ ауданы) — батыр, қолбасы. Руы — Уақ. Бармақ 1723 — 1758 жылы Еділ-Жайыққа батыстан шабуылдаған қалмақ шапқыншылығына, Маңғыстауды басып алған түрікпендерге, шығыстан баса-көктеп қазақ жеріне ішкерілей енген жоңғар басқыншыларына қарсы күрестерде Кіші жүз жасағына Балта, Бөгенбай батырлармен бірге қолбасылық еткен. Әбілқайыр ханның Ресей империясының қол астына өту туралы шешіміне наразылық танытқан. Бармақтың ерліктерін кезінде қазақ ақын-жыраулары жырға қосқан. Бізге жеткен “Бармақ батыр” қиссасының алғашқы нұсқасын Дәстем Қарабасұлы жырлаған. Бармақ батырдың ұрпақтары Ресейдің Орынбор облысы Ақбұлақ ауданында, Ақтөбе қаласы мен облысында өмір сүріп жатыр.