Бақай
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Бақай – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрілі а-ның оңтүстік-батысында 9 км жердегі жайлау. Солтүстік-батысында Аралсор тұзды көлі жатыр. Құмды қоңыр сортаң топырағында жұлдызшөптер, еркек шөп, жусан өседі. Солтүстіктен Сайқын – Жаңақазан автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы