Shejire

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент — 12.10.1990, Алматы) — филология ғылымдарының кандидаты (1962), әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болды (1957 — 1986). Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталған.

Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945 – 1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен.

Шығармалары:

Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967; Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969; Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969; Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. А., «Мектеп», 1976; Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978; Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983; Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984; Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997.

Дереккөздер

Место в родословной