Әзденбаев Сәби
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Әзденбаев Сәби (1890 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы - 1967 жылы, сол жерде) - Қазақтың айтыс ақыны. Өлең-жырларында ауыл еңбеккерлерінің, Қарағанды кеншілерінің өмірін жырлады. Ұлы Отан соғысы жылдары аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, 1943 жылы Қайып Айнабековпен айтысты. Шығармалары “Халық ақындары” (1953), “Пернедегі термелер” (1965) жинақтарында жарық көрді. Әзденбаев жинаған ауыз әдебиеті үлгілері ҚР ҰҒА Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар орталығында сақтаулы.