Ақкесене
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Ақкесене – ертедегі қамал-қаланың орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал мекенінде орналасқан. Алғаш 1896 жылы археолог В. А. Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100х100 м, айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік-батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биікттігі 9 м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 ғасырдада салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын, 12-13 ғасырда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл мерзімдерді дәл айту қиын.