Shejire

Ақайтөбе

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ақайтөбе (I-VIII ғғ.) – ежелгі қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Көкмардан шатқалында, Арыс өзенінің сол жағалауында, өзеннің Сырдарияға құяр тұсында орналасқан.

Сипаты

1969-70 жылы Отырар археологиялық экспедицияны (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Қалашық цитадель, шахристан және рабад болып үшке белінеді. Цитаделі үйіндінің ортаңғы бөлігінде орналасқан, ол дөңгелек келген екі бөліктен тұратын диаметрі 25 м төбе. Оған оңтүстік жағынан сопақша төбе түріндегі шахристан жалғасады. Оның диаметрі 80 м-дей. Цитадель биіктігі 8 м, ал шахристанның биіктігі 4-5 м. Тік бұрышты келген рабад цитадель мен шахристанды жан-жағынан қоршай орналасқан. Оның солтүстік және оңтүстік жағы 150-160 м, батысы мен шығысы 200 м шамасында. Үйіндінің үстінен бірнеше қыш ыдыстарының және дәнүккіштер сынықтары, темір бұйымдар бөліктері жинастырылған. Қыш ыдыстар сынықтары (хум, ұстағышы бар құмыралар, т.б.) Қостөбенің (оңтүстік) жоғары мәдени кабаттарынан алынған материалдарға ұқсас. Зерттеу кезінде табылған қыш ыдыстардың біркатары шарықта жасалынған. Алынған материалдарға қарағанда Ақайтөбені халық I-VIII ғасырлар аралығында мекен еткен. Олар мал өсірумен және егін егумен шұғылданған.

Дереккөздер

Сведения

Қалануы
I-VIII ғасырлар
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы