Shejire

әншілік вокалдық өнер

ТрадицияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Әншілік вокалдық өнер -музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері. Әншілік өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Әншілік өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты - трио, төрт дауысты - квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз капелламен орындалады (қ. Капелла). Әншілік өнері жанр, стиль жөнінен де дараланады. Әншілік негізінен - опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық Әншілік вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік ,лирикалық, әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан - әуенділік, декламаниялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кен тыныстылық, алымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль музыка тақпақ речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Әншілік стилінің колоратуралық түрінде ән мелодия»! мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.

Дереккөздер