Алтынай Төлеуқызы Мұхамбедиярова
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Алтынай Төлеуқызы Мұхамбедиярова (16.10.1970 жылы, Ақтөбе қаласы) – саясаттану ғылымдарының докторы (2009). ҚазПИ-ді (1994, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және Қазақстан Ғылым Академиясының философия және саясаттану институтының аспирантурасын (1997) бітірген. Алматы қаласындағы №21 мектепте ұстаз (1995–97), ҚазҰПУ-да оқытушы (1997–2000), аға оқытушы, доцент (2001–08), Орта Азия саяси-зерттеу агенттігінде талдау жасаушы (2000–01) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан «Юридическая газета» басылымының бас редакторы. 2008 ж. «Реализация идеи народовластия в контексте демократизации политической системы Республики Казахстан» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 2 оқу құралының авторы.
Дереккөздер
Cілтемелер
саясаттану профессор философия