Shejire

Әли Мүсілімов

Место в родословной
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Breastplate to a rank "the Honourable worker of education of Republic Kazakhstan".
User:Kei · Public domain

Әли Мүсілімұлы Мүсілімов (19 мамыр, 1941 жыл, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 15 мамыр, 2004 жыл, Қызылорда қаласы) — педагог ғалым. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 ж.). Педагогика ғылымдарының докторы (2004 ж.), профессор, академик. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО және Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Толығырақ

Әли Мүсілімұлы 1941 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1965 жылы (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1965 – 1970 жылдары 105-мектепте мұғалім, директордың орынбасары, директор болды. 1970 – 1982 жылдары әуелі Қызылорда қаласы, кейін облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды. 1982 - 2001 жылдары облыстық оқу бөлімін (кейін облыстық білім департаментін) басқарды. 2001 - 2004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде сабақ береді.Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепке есімі беріліп, мектептің алдына бюсті қойылған (2017 ж.).

Ғылыми шығармашылығы

Әли Мүсілімұлы заман талабына сай, жаңашыл, өзіне де, әріптестеріне де қатаң талап қоя білетін, адамгершілігі жоғары принципшіл жан еді. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Облыстық әкімият мүшесі, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бүкілодақтық және республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болып, мазмұнды баяндамалар жасады. 1995 жылы Анкарада өткен білім саласы қызметкерлерінің халықаралық съезіне қатысты. Оның қаламынан 8 монография, 12 оқу құралы және 140-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. Ол еңбектері әлі күнге маңызын жойған жоқ, оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Сондай-ақ, ол Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі. Ағарту саласындағы ұзақ жылғы тәжірибесін қорытындылап, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» іспеттес, кейінгі жас ұстаздарға өзінің педагогикалық ой-тұжырымдарын мұра етіп қалдырды. Республикада бірінші болып облыстық мұғалімдер газеті «Сыр мектебін» ашты. Ұзақ жылдар республикалық «Қазақстан мектебі» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.

Ғылыми атағы

Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain

Педагогика ғылымдарының докторы Педагогика профессоры ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі (2004 ж.)

Марапаттары

1998 - ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. 1998 - ҚР тұңғыш естелік "Астана" медалі 1992 - Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі 1986 - Еңбек Қызыл Ту ордені және Құрмет Белгісі орденімен марапатталған 1970 - "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі 1988 - Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері 1982 - КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі 2001 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері ҚР Білім беру ісінің үздігі

Сведения

персона
Әли Мүсілімов
Жұмыс орны
Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы (1983 - 2001)
Туған жері
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Туған күні
19 мамыр 1941 (1941-05-19)
Азаматтығы
КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Қызылорда мемлекеттік университеті
Ғылыми аясы
педагогика
Ғылыми дәрежесі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Педагогика ғылымдары академиясының академигі
Қайтыс болған жері
Қызылорда