Shejire

Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1981), професор (1982), ҚР Ұлттық ғылым академиясының коррeспонденттік мүшесі (1995).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox 1970 - Днепропетровск мемлекеттік университетін; 1973 - аспирантурасын бітірген; 1973 — 74 ж. сонда ассистент; 1974 — 76 ж. ҚазМУ-де аға оқытушы; 1976 — 81 доцент; 1981 — 94 және 1997 —98 кафедра меңгерушісі ; 1994 — 97 ж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Алматы жоғары техника училищесі бастығының орынбасары; 1997 — 2000 ж. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының төрағасы болды.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері функциялар теориясы мен функционалдық талдау (анализ) саласына арналған. Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев жүргізген зерттеулердің нәтижесінде үздіксіз және дифференциалданатын функциялардың жуықтауы интерполяциялық сплайн арқылы дәл бағаланды. Соболев класындағы функциялардың өте тиімді квадратуралық формуласы жөніндегі белгілі Колмогоров-Никольский есебі шешілді. Сплайндар үшін алгебраның негізгі теоремасы дәлелденді. Дәл және дәл емес ақпараттар бойынша көп айнымалылы функциялардың әр түрлі кластары үшін операторларды қалпына келтірудің тиімді тәсілдері алынды. Ленин комсомолы сыйлық лауреаты (1978). “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.

Шығармалары

Моносплайны минимальной нормы и наилучшие квадратурные формулы “Успехи математических наук”, 1981, т. 36, №4 (220); Сплайн-аппроксимация и оптимальное восстановление операторов, Математический сборник”, 1993, т. 184, №12.

Дереккөздер

Место в родословной