Әлдеуін батыр
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Әлдеуін батыр (шамамен 1609 — 1670 жылы) — батыр, Есім хан әскерінің қолбасшысы. Есім ханның өзбектің Тұрсын ханына қарсы жорығында ерекше көзге түскен. Ойрат билеушісі Батыр қонтайшының 1643 жылы 50 мың қолмен Қазақ хандығына жасаған шабуылына Жәңгір хан, Жалаңтөс баһадүрмен бірге тойтарыс берген. Бұл шайқаста Әлдеуін батыр арғын тайпасы жасағына ағалық етті. Әлдеуін батырдан Ақша батыр, одан Қанжығалы Бөгенбай батыр туады.