Алдар би Ерназарұлы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Алдар би Ерназарұлы (1705–1795) — Жайық өңіріндегі атақты билердің бірі, Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руынан шыққан. Талай дау-дамайға төрелік айтып, елді жақын мен жатқа айырмаған тура билердің бірі. Тарихта Сырым Датұлының ақылшысы ретінде белгілі. Шернияз ақын: «Хандардың ең ақыры Нұралы еді, Төренің «Арқар» деген ұраны еді. Хан ұлын Сырым батыр шабарында, Ақылды Алдар биден сұрап еді», — деп жырлаған. Алдар би — Халел Досмұхамедовтің арғы атасы.