Shejire

Айдабол Жанғазыұлы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Айдабол Жанғазыұлы (туған, өлген жылдары белгісіз) - арғыннан таралатын сүйіндік руының бір атасы. Айдаболдан Аққозы, Жанкозы, Малқозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қожагелді, Косшетер аталары шығады. Бұлардың бірі шетінен шешен би, батыр, он саусағынан өнері тамған шебер, ұста болған. Айдабол Ақбеттау, Далба болыстарында ұзақ жыл би боп, ел басқарған. Ол елді кейде Айдабол-Қаржас деп те атайды.

Дереккөздер