Shejire

Абызтөбе

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Абызтөбе – көне қаланың орны. Сырдария өзенінің орталық ағысының сол жағында, Келінтөбе аталатын көне қала жұртынан солтүстікке қарай 25 километр қашықтықта орналасқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. М. Байпаков) зерттеген. Қала жұртының қазіргі көрінісі, солтүстік-батыстан — оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан, ұзындығы 105 м, көлденеңі 30 м, биіктігі 5 м, ұзын төртбұрышты жота. Төбесі тегіс. Қалаға кіретін қақпаның орны оңтүстік жағында орналасқандығы байқалады. Жиналған құмыралардың сынықтары бойынша ғалымдар қаланың біздің заманымыздың I ғасырдағы өркениет орталығы болғанын дәлелдеді.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы