Әбуғалиев Құмар
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Әбуғалиев Құмар (1898, Қаратөбе ауданы, Ақкөл ауылы - өлген жылы белгісіз) - ақын, әнші-композитор, термеші, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Жетіру тайпасы Кердері руынан шыққан. Әбуғалиев жақсы домбырашы және жыршы да болған. Азамат соғысы кезінде жігіттерден топ құрып, атаман Толстовтың бандыларымен күресу, олардан қорғану ісін ұйымдастырған. Кейін ауылдық кеңестің төрағасы, ауыл шаруашылығы орталығында төраға, қойма меңгерушісі боп жұмыс істеген. Дайындау мекемесінде агент болып жүргенде «халық жауы» ретінде тұтқындалған. «Кеңес үкіметіне қарсы насихат жұмыстарын жүргізген, Кеңес Одағын құлату мақсатында құрылған обком хатшысы I.Құрамысовтың зиянкестік тобының құрамында болған» деген кінәмен 1940 ж. 26 наурызда сотталып, 10 жылға үкім кесілген. Одан соңғы тағдыры белгісіз. Оның халық арасына кең тараған бір туындысы «Құмар термесі» деп аталып жүр.