Shejire

Әбікей Зейінұлы Сәтбаев

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Әбікей Зейінұлы Сәтбаев (1881-1938) - Павлодар Ертіс өңірінің көрнекті педагогы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев бар күшін, білімін, тәжірибесін жаңа ұрпақты мектеп қалыптастыру ісіне салды. Оның жетекшілігімен ауылдарда сауатсыздықты жою акциясы жүргізілді. «Мұғалім қандай болу керек», «Ағарту жұмысында не шара қолдануымыз керек» және т.б. мақалаларында білім және ағарту мәселелерін, казак халқының дамуы жолдарын қарастырды, жастардың білім ерісін кеңейту кажеттілігі, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін, әдеби тілді қолдану икемділігін калыптастыру мәселелерін көтерді. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев пікірінше, нағыз ұстаз үшін әз атын, қадірін сақтай білу, еңбегінің түпкі мақсатында қателеспеу, қиындықтарды шыдай алу өте маңызды. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев шәкірттері арасында көптеген ғалымдар, республиканың белгілі мемлекет қайраткерлері бар (Қ.Сәтбаев). Олардың айтуынша, Әбікей Зейінұлы Сәтбаев дарынды педагог, талапты, зиялы, ой өрісі кең, жан-жақты білімді, өзіншелігі мол адам болған.

Дереккөздер