Әбдеш Құрамаұлы Беделбаев
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Әбдеш Құрамаұлы Беделбаев (04.10.1920, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы - 07.10.1964, Алматы) - қазақ кеңес математигі, автоматты реттеу теориясы мен қолданыстағы механиканың көрнекті маманы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Әбдеш Құрамаұлы Беделбаев 1949 ж. Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 1953 ж. аспирантураны бітірген соң Қазақстан политехникалық институтында үзбей жұмыс істеп, ассистенттен кафедра меңгерушілігіне дейін көтерілген. ҚазССР ғылым академиясының Математика және механика секторында көп жылдар бойы топқа жетекшілік еткен. Әбдеш Құрамаұлы Беделбаев 1964 ж. "Ляпунов функциясы әдісімен орнықты және оптимальды реттелетін ой-жүйелер құру" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Әбдеш Құрамаұлы Беделбаевтың "Автоматты реттеудің сызықтық емес жүйелерінің орнықтылығы" атты монографиясы (1960 жарық көрген.