Абайдың туысы мен өмірі
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
«Абайдың туысы мен өмірі» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Әуезов Абай өмірбаянының 4 нұсқасын жазды. Соның алғашқысы - «Абайдың туысы мен өмірі». Бұл 1933 жылы Қызылордада шыққан Абай шығармаларының толық жинағында басылды. Бұған дейінгі жарық көргендердің ішінде көлемі, мән-мазмұндылығы жағынан Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі бірінші еңбек. Еңбекте әңгімені ақынның ата тегінен бастайды, шығармаларының жазылуы мен ерекшеліктері не тоқталады. Көкбай, Турағұлдың естеліктері мен «Абай жазған кейбір өлеңдердің қай кезде, не себептен айтылғаны туралы түсіндіру қосымшалары» қамтылады.
деп, үлгі тұтарлық соқпақтың жоқ екенін ескертеді. Тынымсыз іздестіріп, еңбектену жазушыны Абайдың бірден бір биографы етті. Әуезов Абайдың жұрт білмейтін өлеңдерін ертедегі газет-журналдарда, әсіресе 1924-25 жылы Семейдің педагогика техникумында сабақ беріп жүрген уақытында «Таң» журналында жарияласа, 1933 жылы толық жинақта ақын өлендерінің жартысына жуығын қалпына келтірді. 1909 жылы Санкт-Петербургтегі, одан соң 1922 жылы Ташкенттегі басылымдары қателіктерге толы еді. Өлеңге ат қойылуы, жазылған жылдарының көрсетілуі, басқа да ауытқушылықтар көп болатын. Ұзақ жылдар салыстырып, зерделей жүріп, Әуезов бәрін орын-орнына қойды. Жалпы бұл мақала абайтанудағы ең алғашқы іргелі еңбек болып қала береді.