Shejire

Абайдың басылымдары жайында

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

«Абайдың басылымдары жайында» — Мұхтар Әуезовтың шашпа пікірлері. 1953 жылы жазылған. Мұны жазуға С.Нұрышевтың мақаласы түрткі болған («Қазақ КССР Ғылым академиясының хабаршысы», 1953, №4). Бұл мақала абайтану саласында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген Әуезовтің еңбегін айыптауға арналған еді.Мұхтар Әуезов бұл мақала жарияланған соң, өз ойларының желісін нақты дәлелдермен көрсетіп, дәлелсіз түрде айтылған айыптау пікірлерді жоққа шығарудың алдын ала жоспарын жасаған. Осы тезистердің негізінде «Абай мұрасы жайында» деген мақала жазған. Сөйтіп жазушы әрбір еңбегін жазу үстінде құрғақ, көпірме пікірден қашып, алдын ала нақты деректерге сүйеніп, даярлық жасаған.Айтылар ойын, пікір желісін анықтаған. «Абайдың басылымдары жайында» мақаласы Мұхтар Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» жинағында алғаш рет жарияланды.

Дереккөздер