Абай халықтың ұлы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Абай халықтың ұлы – поэтикалық спектакль. . Спектакльді коюшыларды Абай поэзиясының бастау қайнары қызықтырды. Себебі, ақын поэзиясы өзінің жүрек қайнарында суарылып, өмірдің өзегімен біте қайнасып, өз халқының ауыр тұрмысы және тіршілігімен қатар өрілген. Ал спектальдің өң бойына өмір мен поэзия қатар қоныстанған.... Шалқар көлдің жағасына кұрылған Алтыбақан. Қызара батып бара жатқан күн шапағы. Жайлап ескен қоңыр салқын саумал ауа. Алтыбақан үстінде домбырада мәңгілік жастық пен сұлулықты жырлаған Абай әндері мен өлеңдері орындалады.