Shejire

Желеу Жақыпұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Желеу Жақыпұлы (1904, Ащысай ауылы – 1970, Кентау қаласы) – ақын, әнші, жыршы. Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен. Қаратаудың теріскейі мен күнгейін, Сыр бойын көп аралап, ел аузындағы жыр-дастандарды жаттаған. Нұралы Нысанбайұлы, Мұса Байзақұлы (Молда Мұса), Сұлтанбек Аққожаевтан көптеген эпостық шығармалар үйренген, оны кейін қағазға түсіріп, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына өткізген. Ж. жинақтаған «Алпамыс батыр» жыры көптеген ғылыми жұмысқа негіз болды. Ақын өз өлеңдеріне Кентау, Ащысай еңбеккерлерінің өмірін, туған жер табиғатын арқау еткен. Облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысқан.

Дереккөздер

Place in the family tree