Жаркент
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жаркент — қала, Жетісу облысы Панфилов ауданының орталығы (1928 жылдан).
Тарихы
Ш.Уәлиханов 1856 жылы “Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі” атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, “Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық”, — деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған. 1891 жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ қолөнершілер мен сауда-саттық қаласы болған, 1928 жылдан аудан орталығы. Осы кезде жаңа кәсіпорындар ашылып, құрылыстар салына бастады. Қала 1942 — 1992 жылы аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталды.
Географиялық орны
Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзені аңғарында, Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан.
Климаты
Халқы
Кәсіпорындары
Құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
10 орта мектеп, Жаркент гуманитарлы техникалық коледж, (республикадағы алғашқы оқу орындарының бірі, 1929 жылы ашылған), мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 3 клуб, аурухана, емхана, стадион, автостанса, ірі сауда орталығы, т.б. мекемелер бар (1999). 1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. 2004 жылы «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы» ашылды. Жаркент арқылы Алматы — Қорғас — Үрімжі автомагистралі өтеді.