Shejire

Жанна де Бурбон

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Coronation of Jeanne of Bourbon, consort of Charles V (1364)
Master of the Livre du Sacre · Public domain

Жанна де Бурбон (фр. Jeanne de Bourbon; 3 ақпан 1338, Венсен, Валь-де-Марн, Франция — 6 ақпан 1378, Париж, Франция) – Франция патшайымы, І Пьер, Бурбон герцогының және Карл Валуаның қызы, Изабелла де Валуаның қызы. Дана V Карлдың әйелі.

Өмірі

Жанна де Бурбон Венсен сарайында жиені Дана V Карл, болашақ Франция патшасы Туғаннан кейін екі аптадан кейін дүниеге келді. Екі бала да Монтрейль шіркеуінде бір күнде шоқындырылған болатын. 1360 жылы 8 сәуірде Жанна де Бурбон Карл Валуа, болашақ Франция патшасымен некелеседі. 1364 жылы ол Франция патшайымы атанады. Жанна әлі ханзаданың әйелі болғанда, Карл өзінің Бетта де Кассинелмен байланысы туралы жариялаған болатын. Алайда 1364 жылы 19 мамырда өткен тәж кигізу жорасынан кейін әйелі оның көңілін өзіне аударып алады да, жұбайлар бір-біріне жақындайды. Соның арқасында Карл әрдайым кез келген жағдайда Жаннаның ойына көп көңіл аударатын. Жанна де Бурбон қызы Екатеринаны дүниеге әкелген кезде қайтыс болды. Жан Фруассар бұл оқиға туралы осылай айтқан екен: Патшайымның аяғы ауыр болған кезде, дәрігерлер оған суға түсуге және шомылуға рұқсат етпеді. Олардың қарсылығына қарамастан ол суға түсіп, сол жерден оған ажал келді. Жаннаның өлімінен кейін Карл қатты қапаланды. «Ол менің нұрлы шапағатым және менің елімнің күні», - деп айтқан еді патша. Пизалық Кристина патшалық аза туралы былай айтқан: "Патша патшайымның қазасынан кейін қайғыға батты. Оның жігерлігіне қарамастан, Жаннаның өлімі оған сондай үлкен және көпке созылған азап әкелгені соншалықты, халық бұдан бұрын ондай азаны ешқашан көрмеген еді. Олар бір-бірін қатты жақсы көрген болатын».

Балалары Жаннаның он баласының арасында тек екеуі ғана аман қалған болатын.

Жанна (1357—1360); Жан (1359—1364); Бонна (1360—1360); Жанна (1366—1366); Жан (7 маусым 1366 — 21 желтоқсан 1366); Ессіз VI Карл (3 желтоқсан 1368 — 21 қазаң 1422), Франция патшасы. Мария (1370—1377); Орлеандық І Людовик (13 наурыз 1372 — 23 қараша 1407), Орлеан герцогі. Оның немересі XII Людовик атымен Франция тағы отырды. ; Изабелла (1373—1378); Екатерина (1378—1388).

Дереккөздер

Charles V and Joanna of Bourbon
Аноним · CC BY-SA 3.0

[|Орыс уикипедиясынан аударылған]

Statue of Jeanne of Bourbon, Queen consort of Charles V of France.
Kaho Mitsuki · CC BY-SA 3.0
Jeanne de Bourbon, wife of Charles V of France, from a statue formerly in the Church of the Célestins, Paris.
Unknown artistUnknown artist · Public domain
Place in the family tree

Key facts

person
Жанна де Бурбон
Анасы
Изабелла де Валуа
Әкесі
Пьер I де Бурбон
Жұбайы
Карл V
Ізашары
І Жанна
Ізбасары
Бавариялық Изабелла
Балалары
Ұлдары: Жан, Жан, Карл VI, Людовик I; Қыздары:Жанна, Бонна, Жанна, Мария, Изабелла, Екатерина.
Қайтыс болуы
6 ақпан 1378 (1378-02-06) (40 жас)
Дүниеге келуі
3 ақпан 1338 (1338-02-03) Валь-де-Марн, Франция