Жалпақ қонысы
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жалпақ – Қазақстандағы ескі қоныстар тобы. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан.
1958 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологялық-этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысының нәтижесінде неолит дәуірінің мәдениетін, ол кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысын сипаттайтын құмыра ыдыстар, тастан жасалған пышақтар, мыс сынықтары, садақ жебелері, т.б. табылды. Бұған қарағанда, қазіргі Қызылқұмның Жаңадария арнасын б.з.б. 4–3-мыңжылдықтарда балық аулап, жеміс өсірген тайпалар мекендеген.