Shejire

Зейнеп (қыстау)

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Зейнеп– Мойынқұм құмының алқабындағы қыстау. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үмбет ауылының батысында 20 км жерде орналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Астықкөл, Шортанқұдық, т.б. ұсақ көлдер орналасқан. Маңында Түйеқарын, Еден, Жапырақты, Жаңатұрмыс қыстаулары бар. Төбелі-қырқалы жерлерінде сексеуіл, теріскен, жусан, еркек шөп өседі. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.

Дереккөздер