Закириянов Қалит
Place in the family treePersonUpdated: 9/14/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Закириянов Қалит (1932-2004), ұстаз, қоғам қайраткері, тарих ғылым кандидаты. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген(1955). 1955-1992 жылы жауапты комсомол, партия қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің инспекторы, Жезқазған облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚазКСР-нін Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы болып істеді. 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.