Shejire

Зайсан

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

ШҚО картасы
Murat Karibay · CC0

Зайсан — Шығыс Қазақстан облысындағы қала, Зайсан ауданының орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 470 км-дей жерде, Сауыр жотасының солтүстік-батыс етегінде, Зайсан көліне құятын Үйдене өзенінің оң жағалауындағы орманды-далалы белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы – Жаңғызтөбе (378 км).

Климаты

Халқы

Тарихы

In 1874-75, the Russian government sent a research and trading mission to China to seek out new overland routes to the Chinese market, report on prospects for increased commerce and locations for consulates and factories, and gather information about the Dungan Revolt then raging in parts of western China. Led by Lieutenant Colonel Iulian A. Sosnovskii of the army General Staff, the nine-man mission included a topographer, Captain Matusovskii; a scientific officer, Dr. Pavel Iakovlevich Piasetskii; Chinese and Russian interpreters; three non-commissioned Cossack soldiers; and the mission photographer, Adolf Erazmovich Boiarskii. The mission proceeded from Saint Petersburg to Shanghai via Ulan Bator (Mongolia), Beijing, and Tianjin, and then followed a route along the Yangtze River, along the Great Silk Road through the Hami oasis, to Lake Zaysan, back to Russia. Boiarskii took some 200 photographs, which constitute a unique resource for the study of China in this period. Most of the ph
Adolf Nikolay Boyarsky · Public domain

Сауыр тауларының етегінде орналасқан шағын сайлар бойымен ағып, Зайсан қазаншұңқырына құятын көптеген өзендердің бірі Жеменей деп аталады. 1830-1840 жылдары Жеменей өзенінің жоғарғы ағысында, қалың ормандардың арасында Зайсан қаласының алғашқы іргетасы қаланған. Бұрын қала «Джеменейка» деп аталған. Шамамен 1830 жылдары географ және геодезист Маяковский осы жерлерге келіп, Ертістің шығыс жағында бекініс салу үшін ыңғайлы және қауіпсіз орын іздеген. «Жеменейка» кеңейіп, ірі елді мекенге айналды. 1860 жылдан бастап қаланың тұрғындарының өмірі Зайсан көлі мен Ертіс өзенімен тығыз байланысты болды. Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен және басқа да қалалардан көптеген саяхатшылар бұл жерді «Зайсан» деп атай бастады. 1870-1880 жылдары қалада 2663 орыс және 122 қазақ тұрған, ал 1900-жылдары қазақтардың саны 4 мыңға жеткен. Халық егіншілік, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналыса бастады. Округтік органдар губерниялық болып өзгертілді, 1857 жылы уездер құрылған кезде Зайсан уезі құрылды, ал Зайсан посты уездің әкімшілік-саяси орталығына айналды. Қалада уездік басқарма, кеден, қазынашылық, пошта-телеграф және жеке қосалқы шаруашылықтар орналасты. 1880 жылы Семеймен байланыстыратын телеграф желісі тартылды. Іргесі 1868 жылы Ресей мен Қытай елдері арасындағы шекараны межелеу кезінде қаланды. Кейін уездік қалаға айналды. Зайсан тарихтан Шәуешек (Қытай жерінде) пен Семейді қосатын керуен жолындағы Жеменей қонысы есебінде де белгілі. Қазан төңкерісіне дейін (1917) қалада 2 мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт, 2 мешіт болды. 1941 жылдан аудан орталығы.

Кәсіпорындары

Қазіргі кезде (2000) Зайсанда 5 өнеркәсіп орны, акционерлікерлік қоғамдар (6), серіктестіктер (21) мен шаруа қожалықтары (24) жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Колледж, 6 мектеп, 2 балабақша, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық кітапхана, аурухана, туберкулез және психикалық-невралогиялық диспансерлер, дәрігерлік кеңес беретін пункттер бар. Тұрғындары облыс орталығы – Өскемен және Семей қалаларымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Зайсанның биіктіктен түсірілген суреті 2023 жыл.
Qazaq1299 · CC BY-SA 4.0

Дереккөздер

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Тауасаров Ринат Аденбекович
Ауданы
Зайсан ауданы
Облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Тұрғыны
18 514[1] адам (2023)
Ресми тілі
қазақ тілі
Пошта индексі
070070
Уақыт белдеуі
UTC+5:00