Shejire

Заготскот (ШҚО, Тарбағатай ауданы)

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жеріндегі қыстау. Аудандағы Қабанбай ауылынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, Қарасу өзенінің тармақтарының бірінде орналасқан. Жазықтағы Заготскоттың топырағы қызғылт қоңыр болып келеді. Онда далаға тән астық тұқымдас өсімдіктер өскен. Қыстау маңында Қарасу өзенін бойлай Алыбай, Бақаши , т.б. қыстаулар бар. Қыстау аумағымен Қабанбай – Ақжар автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер