Shejire

Ырғыз

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ырғыз — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының және Ырғыз ауылдық округі орталығы. 1868-1928 жылдар аралығында қала мәртебесінде болған.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 344 км-дей жерде.

Тарихы

Жиырмасыншы ғасырдың басына дейін Ресейде халқы 3000 адамнан асатын елді мекендерді қала деп атаған. Ал, Ырғыз маңындағы қазақтар бекініс салынған күннен оны қала деп атап кеткен. Орынбор-Ақмешіт бағытындағы Бутаков бастаған әскери экспедициясының құрамында Украинаның ұлы кобзары Тарас Григорьевич Шевченко да болған. Олар осы сапарда Ырғыз маңында 1848 жылы бірнеше күн аялдаған. Сол жолы Т. Шевченко "Ырғыз қала" деген бояулы суретін салған. Бұл суреттің көшірмелері Киевтің, Форт Шевченконың, Ақтөбенің, Ырғыздың музейлерінде сақтаулы.

Ырғыз бекінісінің салынуы

XIX- ғасырдың 40-жылдары Ресей империясының үкіметі Қазақстан жерін отарлау саясатын күшейте түсті. Қазақстан жерін отарлау саясатын күшейте түсті. Сөйтіп Кіші жүз жерін қоршап әскери бекіністер жүйесін орната бастады. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский:

деп орыс мемлекетінің отаршылдық саясатын ашық атап көрсеткен болатын. Кіші және Орта жүз территориясында әскери бекіністерінің салынуларының негізгі себебі Кенесары бастаған көтерілісті басу. Өйткені қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілістерді басу үшін әскер жинау, жазалаушы әскерді қару-жарақпен қамту, көтерілісшілердің ізіне түсіп қудалау үшін жергілікті жерде тұрақты әскери база құру туралы мәселе көтерді. Сөйтіп қазақ даласында әскери бекініс салу күн тәртібіне қойылды. Осының нәтижесінде 1845 жылдың басында Ресей императорының жарлығы шығып онда:

деп көрсетілді. Патша жарлығын орындай отырып Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручев 1845 жылы 31 мамырда №462 бұйрығымен Орынбор шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор Ладыженскийге жоғарыда аталған бекіністерді салуды міндеттеді. Бұл бекіністер қадағалау қызметін атқаруға тиіс болды.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 5329 адам (2668 ер адам және 2661 әйел адам) болса, 2009 жылы 5410 адамды (2699 ер адам және 2711 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6652 адамды (3360 ер адам және 3292 әйел адам) құрады.

Дереккөздер

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Ырғыз
Облысы
Ақтөбе
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
▲6 796[1] адам (2023)
Телефон коды
+7 71343
Пошта индексі
030401
Уақыт белдеуі
UTC+5:00