Shejire

Яков Исаакович Клейнбок

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Яков Исаакович Клейнбок (1908 жыл 23 мамыр, Брест – 1961 жыл 15 қаңтар, Алматы) — мал дәрігері, ветеринария ғылымының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). 1944 жылдан КОКП мүшесі.

Еңбек жолы

1932 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітіріп, осы институттың мал патологиясы және емдеу кафедрасында ассистент, ал 1937 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін осы кафедраны меңгерді. Клейнбок жылқының асқазан органдары ауруларын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті.

Шығармалары

Ол 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы; Негізгі еңбектері «Диагностика, клиника и терапия заболевания желудка лошадей», «Прогрессивный никробронхит лошадей» және т.б;

Марапаттары

2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені; Түрлі медальдар.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Яков Исаакович Клейнбок
Жұмыс орны
Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институты
Туған жері
Брест
Туған күні
23 мамыр 1908 (1908-05-23)
Азаматтығы
Қазақ КСР
Ғылыми аясы
Ветеринария ғылымдары
Марапаттары
2 мәрте «Құрмет белгісі»
Ғылыми атағы
профессор
Несімен белгілі
«Диагностика, клиника и терапия заболевания желудка лошадей», «Прогрессивный никробронхит лошадей» және т.б еңбектері