Владислав Григорьевич Шкодин
PersonUpdated: 9/14/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Владислав Григорьевич Шкодин (1940–1996) – химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992).
С. М. Киров атындағы Орал политехникалық университетін (1963, қазіргі Екатеринбург) бітірген. Свердловск қаласындағы «Унипромедь» кәсіпорнында аға ғылыми қызметкер (1963–1968). Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында жетекші ғылыми қызметкер (1968–1985) Қарағанды мемлекеттік университетінде физика-химия кафедрасының меңгерушісі (1986–1988) қызметтерін атқарған. 250-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы. Ол физикалық және органикалық химия, гидрометаллургия саласындағы маман.