Shejire

Владимир Всеволодович Мономах

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Grand Duke Vladimir Vsevolodovich Monomakh
Unknown authorUnknown author · Public domain

Владимир Всеволодович Мономах (1053 - 1125 19 мамыр) - Киевтің ұлы князі. 1113 жылғы Киевтегі тұз тапшылығына және Святополктың ісіне қарсы көтерілген халық толқулары байлардың зәресін ұшырады. Ауқатты байлар Владимирге елші жіберіп Киевтің князі болуын өтінеді. Владимир 1103 жылы Долобо көлінің маңындағы орыс княздерінің Үшінші съезінде, половецтерге (қыпшақтарға) қарсы олардың көзін жоюға ұсыныс жасайды. Ұсынысты қабылдаған орыстар Самара өзенінің жағасында половецтерді аяусыз қырып, оларды кері шегіндіреді. Осылайша бедел жинаған Владимирді халық алдына шығармай - ақ, София шіркеуінде Киевтің ұлы князі етіп тағайындады. Владимир билікке келісімен көтерілісті баасып, елде тыныштық орнатты. Делдарлардың қызметін бақылап, халыққа тиімді болуын талап етті. Ол 1116 - 1119 жылдары Минск князі Глебке қарсы жазалау жорықтарын ұйымдастырды. Өз жерін кеңейтпек болған Глебті тұтқындап, Киевке әкеліп, қамауда ұстады.

Дереккөздер

Vladimir II Monomakh, ruler of Kievan Rus' (1113 – 1125)
Unknown authorUnknown author · Public domain
Place in the family tree