Shejire

Владимир Николаевич Кусов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Владимир Николаевич Кусов - (24.5.1916, Ресей, Омбы қаласы – 24.6.2007, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1972). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1940 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1947-1972 - Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші (1984 жылдан), 1972-1984 - Татарстанның Қазан малдәрігерлік институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1970 жылы «Клещи орнитодирины Казахстана (Фауна, распространение, экология, вредоносность и меры борьбы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері арахноэнтомология мәселелеріне арналған. Кусов қора кенелерінің, т.б. мал энтопаразиттерінің фаунасы мен экологиясын зерттеп, олардан арылу шараларын ұсынған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Place in the family tree