Shejire

Усанович Михаил Ильич

Place in the family tree
PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Михаил Ильич Усанович (16.6.1894, Украина, Житомир қ. – 15.6.1981, Алматы қ.) – химия ғылымының докторы (1938), профессор (1930). Қазақстан ҒА-ның академигі (1962). Қазақ КСР-інің (1967) және Өзбек КСР-інің (1943) еңбек сiңірген ғылыми қайраткерi. Киев университетiн бiтiрген (1917). Украина ғылым академиясының лабораториясында ғылыми қызметкер (1918–20), Киев қаласындағы Химия-фармацевтика зауытында басшылық қызметте, сонымен қатар Политехникалық институтында оқытушы (1920–29) болды. Томск университетінде (1930–34), Орта Азия университетiнде (1935–43, Ташкент қ.), Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында лаборатория меңгерушісі (1944–49), аға ғылыми қызметкер (1949–61), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1944–81, қазіргі ҚазҰУ), декан (1946–48) және лаборатория меңгерушісі (1964–81) қызметтерін атқарған. 1938 ж. оған диссертация қорғамай-ақ химия ғылымының докторы дәрежесі берілді. Негiзгi ғылыми еңбектерi ерітінділер теориясына арналған. Ол ерітінділердің сандық теориясын (1932) қорытты, аномальды электр өткізгіштік кездейсоқ құбылыс емес, заңдылық екенін дәлелдеді; қышқылдар мен негіздердің жалпы теориясын қорытып, химиялық реакция құрамы жағынан тепе-теңдік концентрациясына тәуелді болған жағдайда ғана идеалды ерітінділер заңына бағынатынын анықтады; сонымен бірге ерітінділердің қасиеттері (тығыздығы, тұтқырлығы) олардың құрамына байланысты екенін химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеді. Усанов «Қышқылдар мен негiздердiң Усанович теориясының» (1938) және 300-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен (1945, 1961, 1974), медальдармен марапатталған. Шығармалары.: Исследования в области теории растворов и теории кислот и оснований, А.-А., 1970.

Дереккөздер

Key facts

person
Усанович Михаил Ильич
Жұмыс орны
Томск университеті
Туған жері
Житомир
Туған күні
17 маусым 1894 (1894-06-17)
Альма-матер
Әулие Владимир университеті
Ғылыми аясы
физика, химия
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
15 маусым 1981 (1981-06-15) (86 жас)