Shejire

Үңгірліасар

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Үңгірлі асар қалашығы ( б.д.д. І мыңжылдықтың соңы - б.д. ІХ ғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Жалағаш ауданы, Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11,6 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескеткішті 1980 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген, 2006 жылы “Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу” археология экспедицисы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) барлау жүргізіп, географиялық координаттарын анықтаған. Қамал екі қабатты төбе секілді. Төменгі қабатты қоршап жатқан бекініс қабырғаларының өдшемі 100х120 м, ені – 3-5 м, биіктігі 4-6 м. Жоғарғы қабаты қамалдың ортасында орналасқан, көлемі 40х40 м, жер бетінен биіктігі 7-9 м. Тұрғын үй кешендерінен тұратын бұл қабат мұнаралары шығыңқы бекініс қабырғасымен дөңгелене қоршалған. Қамалға кіретін қақпа ескерткіштің батыс бөлігінде орналасқан. Беткі қабатынан археолгиялық материалдар кездеседі.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
б.д.д. І мыңжылдықтың соңы - б.д. ІХ ғ.
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
45°01′12″ с. е. 64°17′15″ ш. б. / 45.02000° с. е. 64.28750° ш. б. / 45.02000; 64.28750 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы