Уақатов Бекмұрат
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Уақатов Бекмұрат (29.11.1932, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Қорт а. – 20.12.1984, Алматы қ.) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1975).
Өмірбаяны
ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және осы университеттің аспирантурасын (1957) бітірген. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында (1957–58) Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер (1958–82), бөлім меңгерушісі (1982–84) қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
«Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Уақатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне («Жоғары кластарда көркем шығарманы талдау», 1965; «Таланттар, туындылар», 1969; «Қазақтың халық өлеңдері», 1974; «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы», 1983, т.б.) арналған.
Дереккөздер
Сілтемелер
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі