Shejire

Тұрсынбаев Әбді Бошанұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тұрсынбаев Әбді Бошанұлы (20.08.1910, Түркістан облысы Түркістан қаласы – 4.04.1999, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1957), профессор (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1970).

Қысқаша өмірбаяны:

1928–1931 жылдары Алматы мал-дәрігерлік техникумында; 1931–1932 жылдары Ташкент жоспарлау-экономикалық институтында оқыған. 1937 жылы Мәскеу мемлекеттік экономикалық институтын бітірген; 1937–1943 жылдары Семей педогогикалық институтында проректор, қазіргі Атырау мұғалімдер институтында ректор, орта мектепте директор; 1945–1948 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) кафедра меңгерушісі; 1948–1954 жылдары Алматы заң институтында кафедра меңгерушісі; 1956–1967 жылдары ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі; 1967–1977 жылдары Қазақ КСР-і «Білім» қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1957 жылы «Қазақстанда колхоз құрылысының жеңуі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер:

Place in the family tree