Shejire

Тұрсын Әбдуәлиев

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Тұрсын Әбдуәлиев(1.9.1939 жылы туған, Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы - 04.03.2021 қайтыс болған,Жетісу облысы,Талдықорған) — белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы ның мүшесі (1996). Еңбек жолын Айнабұлақ темір жол станциясында жұмысшы болып бастаған. 1972 жылы Свердлов мемлекеттік педагогикалық институтын, 1984 жылы Мәскеудегі Қоғамдық ғылыми академиясын бітірген. 1963 жылдан аудандық , облыстық газеттерде тілші.1968 жылдары Тұрсынды Львов қаласындағы әскери қызметке шақырды.1972-82 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы, облыстық теле­радио хабарлар тарату комитетінің төрағасы, 1985-96 жылдары облысы "Жерұйық" газетінің бас редакторы болды.1989 жылдары Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан кейін,Талдықорғанның кеңесін Жигулин Анатолий Сергеевич басқарған.Сол кездері Анатолий Сергеевич 18-мектепті орыстандырған,бірақта Тұрсын оған қарсы болған.Ақырында ол Коммунистік партияның екінші Орталық Комитеті Владислав Ануфриевке хабарласу арқылы мақсатына жеттіп,Анатолий Жигулин қызметтен босатылды. 1997-99 жылдары республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі, 1999 жылдан І.Жансүгіров атындағы университеттің аға оқытушысы. 2002 жылға дейін Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында саясаттану және философия пәндері бойынша аға оқытушы болып қызмет істеген.«Ауыл азаматы», «Алтын бағандар», «Өмір оты өшпейді» атты прозалық кітаптардың авторы. Аудармашы.Қазақ националисті.

Дереккөздер